31 қазанда «Бірінші гимназия» КММ-де «Мұғалімнің цифрлық сауаттылығы: негіздерінен кәсіби шеберлікке дейін» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Шара басында педагогикалық ұжымның І тоқсандағы жұмысына талдау жасалды. Қатысушылар осал тұстарын талқылап, оларды жою жолдарын әзірледі. Педагогикалық кеңестің екінші бөлімі оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізуге арналды. Педагогтар негізгі цифрлық ресурстармен танысып, цифрлық білім беру технологияларын өз тәжірибесіне сәтті кіріктіретін әріптестерінің жетекшілігімен шеберлік сабақтарына қатысты.