2024 жылдың 12 қарашасында Қазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің әртүрлі қалаларының мұғалімдерін біріктіретін «Тиімді ынтымақтастық әдістері: желілік коммуникация тәжірибесі» желілік өзара әрекеттесу аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің 1-ші халықаралық семинары өтті. Қазақстан Республикасы атынан «Бірінші гимназия» КММ-нің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Қатысушыларға Е.А.Медведева, Ю.А.Чернюк, Л.Г.Панчайкинаның «Дүние жүзіндегі бақша архетипі» атты тақырыпта біріктірілген сабақтары ұсынылды. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және мазмұнды деңгейде өтіп, қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.