Құрметті ата-аналар!
«Бірінші гимназия» КММ 2024-2025 оқу жылына қазақ тілінде оқытатын сыныптарға бірінші сынып оқушыларын қабылдау туралы хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және қағаз түрінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 564 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі- ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі.


Гимназия әкімшілігі
Анықтама телефоны: 33-23-85