13-14 наурызда «Бірінші гимназия» КММ-де «DSD-schools» халықаралық жобасы аясында В1 деңгейінде неміс тілінен емтихан өтті. Емтиханға 9-сынып оқушылары қатысты. Балалар оқылым, тыңдалым, жазылым тапсырмаларын орындады, сонымен қатар өздері таңдаған тақырыптар бойынша жобаларды ауызша қорғады. Жоғары сынып оқушыларының жұмыстарын Германиядағы арнайы комиссия бағалайды. Нәтижелері 2024 жылдың шілдесінде белгілі болады. DSD-I дипломы олардың кез келген неміс тілінде сөйлейтін елдердің колледждерінде тіл білімін растаусыз тегін оқуға мүмкіндік береді.