Іс-шараға "№27 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ пән мұғалімдері қатысты.
Қатысушылар бітіруші түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған заманауи тәсілдер мен білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру жолдарын қарастырды.