2025 жылғы 28 тамызда "Бірінші гимназия" КММ жаңа оқу жылында "2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты және гимназияның басымдықтары" тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық ұжымның назарында республикалық тамыз конференциясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағдарлары мен стратегиялық міндеттері болды. "Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыруға, білім беру процесіне жасанды интеллектті интеграциялауға, педагогтың кәсіби және әлеуметтік мәртебесін нығайтуға, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құруға, сондай-ақ ата-аналар комитеттерінің қызметін жаңғыртуға және трансформациялауға ерекше назар аударылды.
Отырыс 2025-2026 оқу жылына арналған стратегиялық бағдарларды талқылау және оқу-тәрбие қызметінің басым бағыттары мен міндеттерін айқындау үшін маңызды алаңға айнала отырып, сындарлы және іскерлік ахуалда өтті.