2026 жылдың 18 ақпанында «Бірінші гимназия» КММ «Ауыл және қала» жобасы аясында облыс мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Оқу сауаттылығы – тиімді оқытудың жүйесі» атты ауқымды облыстық семинар өтті. Бұл шара білім беру саласындағы өзекті мәселені – оқу сауаттылығын арттыруды тереңірек зерттеп, мұғалімдерге заманауи әдіс-тәсілдерді ұсынуды мақсат етті.
Семинардың негізгі бағыттары:
«Тіл мұрасы» жобасы 1-сынып білім алушыларының тілдің көркемдігі мен байлығын сездіру, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында қызықты ойындар мен іс-әрекеттер арқылы оқу сауаттылығының алғашқы қадамдары бойынша ашық сабақ өткізілді. Оқу сауаттылығын арттыру 4-сынып білім алушыларының мәтіндерді терең түсініп, ақпаратты талдау, сын тұрғыдан ойлау және өз білімін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар өткізілді.
Шеберлік сыныптарында семинарға қатысқан мұғалімдер оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдарын, инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, өзара кәсіби тәжірибе алмасты.
Бұл семинар – тек теориялық білім алмасу емес, сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби дамуына, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған нақты іс-әрекеттерге жол ашты. Оқу сауаттылығы – кез келген пәнді игерудің, ізденімпаз болудың және өмір бойы білім алудың негізі. «Бірінші гимназия» КММ-нің бұл бастамасы, білім беру саласындағы жарқын болашаққа деген үмітті арттырады.