Іс-шара неміс тілін оқып жүрген жоғары сынып оқушыларына арналды. Кездесу барысында доктор Денис Невинский Тюрингия федералдық жерінде дуалды кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, қабылдау шарттары, дайындық бағыттары, жұмысқа орналасу перспективалары және Германиядағы дуалды оқыту жүйесінің артықшылықтары жөнінде жан-жақты баяндады.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша даярлау бағдарламалары туралы кеңірек мәлімет алды.
Осындай кездесулерді өткізу гимназистердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етеді.
