Апта барысында «Математика шекарасыз» зияткерлік марафондары, математика, физика және информатика пәндері бойынша викториналар мен ойындар, зияткерлік турнирлер, цифрлық сервистерді қолдана отырып ұйымдастырылған квесттер, сондай-ақ ашық сабақтар мен тақырыптық іс-шаралар өткізілді.
Оқушылар тарапынан ерекше қызығушылықты зияткерлік ойындар, «IT-Эрудит» IT-турнирі, жасанды интеллект сервистерін қолданған сабақтар және «Нақты ғылымдар еліне саяхат» атты арт-көрме тудырды.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың оқу мотивациясын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ нақты пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
