Кеңес барысында функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары қарастырылды: оқырмандық, математикалық, ғылыми - жаратылыстану, қаржылық, медиасауаттылық, цифрлық сауаттылық, сондай-ақ заманауи білім беру үдерісінің құрамдас бөлігі ретіндегі жасанды интеллект сауаттылығы.
Педагогтер проблемалық жағдаяттармен жұмыс жүргізіп, практикалық бағыттағы тапсырмаларды талдады, жасанды интеллект құралдарын білім беру қызметінде қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, этика және жауапкершілік мәселелерін талқылады.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша функционалдық және жасанды интеллект сауаттылығы элементтерін оқу үдерісіне енгізу, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағыттары бойынша басым міндеттер айқындалды.
